СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҒЫНДЫСЫНЫҢ ЖЫЛІШІЛІК ҮЛЕСТІРІМІНІҢ ӨЗГЕРІСІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А.П. Иманбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Д.К. Джусупбеков әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ж.А. Жанабаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.54668/2789-6323-2023-109-2-64-73

Кілт сөздер:

су өтімі, су өтімі, жиынтық интеграл, айырымдық интеграл қисығы

Аңдатпа

Сырдария өзені Арал-Сырдария алабындағы суы мол екінші өзен. Қазақстанның халқы тығыз шоғырланған оңтүстік аймағы арқылы ағып, Арал теңізіне құяды. Өзеннің қол жетімді су ресурстары негізінен ауыл шаруашылық жерлерді суаруға қолданылады. Аталған шаруашылық саласының дамуына негізгі кедергі, алаптың кейбір бөліктерінде, әсіресе оның төменгі ағысында судың жетіспеушілігі орын алады. Мақала Сырдария өзенінің төменгі ағысында қазіргі уақытта қалыптасып отырған су режиміне және ағындының жыл ішіндегі өзгерісін бағалауға арналған. Қазіргі жағдайда Сырдария өзенінің ағындысына шаруашылық қызметтің ықпалы нәтижесінде өзеннің қоректену түрін нақты анықтау қиындық туғызуда. Талдаудан сулылығы орташа және аз (төмен) жылдардың барлық маусымдардарда ағынды көлемі шамаларының бір-біріне жақын. Сондай-ақ ағындының жылішілік үлестірімі табиғи сипаттағы Орта Азия өзендерінен өзгешеленіп отыр. Мысалы, өзеннің табиғи жағдайында ең жоғары ағынды наурыз-шілде айларында байқалса, қазіргі жағдайда суы мол кезең қыс мезгіліне – қараша-ақпанда өтеді. Орташа айлық ең аз су өтімдері егістік алқапты үстемелеп суару уақытына, яғни жаз айларында орын алады, ал күзде өзен суы молая түседі. Ағындының  жыл ішілік таралуына, оның тербелу динамикасына өзеннің жоғарғы бөлігінде ирригациялық мақсатқа салынған ірі – Тоқтағұл және Әндіжан су қоймаларының да әсері жоғары. Себебі, қазіргі кезде аталған су қоймалар іс жүзінде энергетикалық мақсатта пайдаланылады. Сондай-ақ, оларға қоса соңғы жылдары Сырдария өзені бойына Қазақстан аумағында Көксарай контр-реттеуіш салынды. Зерттеудің негізгі мақсаты өзен алабындағы осындай күрделі гидрологиялық жағдайда өзеннің төменгі ағысында ағындының жылішілік үлестірімін нақтылау.

References

Бурлибаев М.Ж., Достай Ж. Д., Турсунова А.А. Арало - Сырдаринский бассейн (Гидроэкологические проблемы вопросы водоотделения).-Алматы: Дәуiр, 2001.- 180 с.

Виноградов Ю.Б. Формирование поверхностного стока // Изв. АН УзбССР, серия технических наук. – 1960. – №1. – 150 с.

Горошков И. Ф. Гидрологические расчеты. Л.: Гидрометеоиздат, 1975.– 190 с.

Государственный Водный Кадастр. Многолетние данные о режиме и ресурсах поверхностных вод суши.–Т.5.–Вып.3.Казахская ССР. Л.:Гидрометеоиздат, 1987–232 с.

Дәулетқалиев С. Қ.; Молдахметов М. М. Гидрологиялық мәліметтерді математикалық әдіспен өңдеу бойынша практикум. - Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 126 с.

Зәуірбек А.К. Возможность сохранения: аральского моря → северного аральского моря →...? Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы – Вестник ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2016, №27 – 26 с.

Кипшакбаев Н., Соколов В.И., Водные ресурсы бассейна Аральского моря: формирование, распределение, водопользование //Сб. науч.-практ. Междунар. конф. «Водные ресурсы Центральной Азии». 2002. – 47 с.

Кудеков Т.К., Никифорова Л.Н., Ли В.И., Попова В.П. Анализ гидрологической ситуации, сложившейся в бассейне реки Сырдарья, и предложения по ее нормализации// Гидрометеорология и экология. – 2005. – №2. – С.73-75.

Основные гидрологические характеристики. – Т. 14. – Бассейн р. Сырдарьи. – Л.: Гидрометеоиздат, – 1974-1980 гг.

Ресурсы поверхностных вод СССР, том 14 Средняя Азия. – Вып.1, Бассейн реки Сырдарья. Л.: Гидрометеоиздат, 1969. – 439 с.

Смоляр В.А., Буров Б.В. Водные ресурсы Казахстана (поверхностные и подземные воды. Современное состояние). –гидр.Справочник. - Алматы: НИЦ «Fылым», 2002. – 596 с.

Стариков Н.П. Проблема режима эксплуатации водохранилищ в водном хозяйстве Узбекистана. [Электрон. ресурс]. – 2005. – URL: http://water-salt.narod.ru (дата обращения 20.10.2018).

СНиП 2.01.14-83. Определение расчетных гидрологических характеристик.– М.: Стройиздат, 1985. – 36 с.

Зəуірбек Ə.К. Использование водных ресурсов бассейна реки Сырдария и возможность формирования более благоприятной экологической обстановки в ее низовья // Гидрометеорология и экология. – 2016. – №1. – С.73-75.

Жарияланды

2023-07-18

How to Cite

Иманбек, А. ., Джусупбеков, Д. ., & Жанабаева, Ж. . (2023). СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҒЫНДЫСЫНЫҢ ЖЫЛІШІЛІК ҮЛЕСТІРІМІНІҢ ӨЗГЕРІСІН БАҒАЛАУ. Гидрометеорология және экология, (2), 64–73. https://doi.org/10.54668/2789-6323-2023-109-2-64-73

Журналдың саны

Бөлім

ГИДРОЛОГИЯ