КЕН БАЙЫТУ ҚАЛДЫҚТАРЫН САҚТАУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫН БАҒАЛАУ
Abstract
Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысы «Казцинк» АҚ Зыряновск тау-кен байыту кешенінің қоршаған ортаға әсерін бағалау мақсатында қалдық сақтау қоймасы орналасқан ауданның экологиялық карта-схемасын жасау үшін қолданылған есептеу мәліметтері мен әдістері келтірілген. Экологиялық карта-схеманы жасау арқылы ластау көздерінен шығатын зиянды заттардың атмосфера ауасында шектік рұқсат етілген концентрациялар шамасына дейін сейілу қашықтығы айқындалды. Мұнда кен байыту қалдықтарын сақтайтын қоймадан барлық жел бағыттарында қалдық шаңдарының ШРК-ға дейін сейілетін қашықтықтағы есептеу нүктелерін сызықпен қосу арқылы зиянды заттардың санитарлық нормадан артық мөлшерде ластанатын жер ауданы анықталды. Осылайша анықталған жер ауданы, шаң түріндегі кен байыту қалдықтарының атмосфера ауасында ШРК деңгейіне сейілгенге дейін Зырян қаласының солтүстік-батыс бөлігін санитарлық талаптан артық мөлшерде қалдық шаңымен ластайтындығына көз жеткізілді.
References
Общесоюзный нормативный документ (ОНД-86). – М.: Госкомгидромет, 1986. – 90 с.
Челноков А.А., Ющенко В.В. Основы промышленной экологии. – Минск: Высшая школа, 2001. – 343 с.
Шаприцкий В.Н. Разработка нормативов ПДВ для защиты атмосферы. // Справочник – М.: Металлургия, 1990. – С. 38-58.