Журнал туралы
«Гидрометеорология және экология» ғылыми-техникалық журналы - жылына 4 нөмір кезеңділігімен шығарылатын ғылыми рецензияланатын журнал болып табылады. Журнал 1995 жылы құрылған. Журналда метеорология, агрометеорология және климатология, шекаралық қабат физикасы және математикалық модельдеу бөлімдері бойынша мақалалар жарияланады. Журналдың гидрологиялық бөлімі құрлық гидрологиясы мен теңіздер, су ресурстары, қар көшкіндері және сел тасқындары саласындағы зерттеулердің нәтижелерін қамтиды. Басылымның елеулі бөлігі қоршаған ортаның географиялық проблемаларына және экология аспектілері жөніндегі мақалаларға арналған.
Қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар кеңейтілген ағылшын тіліндегі түйіндемемен және әдебиеттер тізімін транслитерациямен қайталаумен жарияланады. Жеке мақалалар ағылшын тілінде, орыс және қазақ тілдерінде кеңейтілген түйіндемемен жарияланады.
Журналдың құрылтайшысы "Қазгидромет" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады. Журналдың басылымдары Ғылыми-зерттеу орталығында баспаға дайындалады. Редколлегия құрамына гидрометеорология және экология саласындағы Қазақстан, Ресей, Еуропа және басқа елдердің жетекші ғалымдары кіреді. Қажет болған жағдайда редакциялық алқа құрамы жаңартылып отырады. Журналдың барлық мақалалары міндетті түрде рецензияланады және плагиатқа тексеріледі. Жариялау үшін ақы алынбайды.
Журнал Ресейдің (e-Library) библиографиялық деректер базасына кіреді.