САРЫАРҚА ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ГИДРОНИМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Авторлар

  • И. Бекзатқызы ҚР Ұлттық музейі

Кілт сөздер:

география, тарих, лингвистика, топонимика, топоним, гидроним, географиялық атаулар, индикатор-термин, семантика, өзен, көл

Аңдатпа

Мақала Қазақстанның бірден-бір тарихи аймағы Сарыарқа өңірінің гидронимдеріне арналған. Мақалада топонимика ғылымының заңдылықтары, оның басқа география, тарих, лингвистика сияқты ғылым салаларымен байланысы және Сарыарқаның топонимикалық жүйесінің ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ, аумақтағы өзен-көл атауларының қалыптасу кезеңдері мен олардың шығу тегі туралы айтылады. Су нысандарын номинациялауда қолданылатын индикатор-терминдер мен олардың гидрографиялық атаулардың қалыптасуында алатын орнына ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижесінде аумақ гидронимдерінің көпшілігі қазақ тілінің негізінде қалыптасқан болса, кейбірі көне тілдік қабаттарға жататындығы анықталды. Сарыарқа гидронимдерін зерттеу өңірдің көне тарихы, географиялық ерекшеліктері туралы мол ақпарат алып, ерте кезеңдердегі халықтардың мәдениеті, әдет ғұрпы мен тұрмыс-салты жөнінде тарихи этнографиялық мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді. Мақаланы жазу барысында далалық этнографиялық экспедиция материалдары да пайдаланылды.

References

Аршабеков Т., Жакин М., Жұмабеков Ж. Қарағанды облысы Нұра ауданының топонимикалық картасы: тарихи негіздеме. – Қарағанды: «Гласир», 2009. – 220 б.

Бекзатқызы И. Зеренді, Бурабай аудандарының топонимикасы (далалы-этнографиялық зерттеу материалдары негізінде) // Ұлы дала мұралары. – Астана. – 2017. Шығ. 1. – Б. 232-239.

Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры 3. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 524 б.

Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан аймақтық топонимикасы. – Қарағанды: «Болашақ баспа», 2008. – 379 б.

Сапаров Қ.Т. Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі. – Павлода.: «ЭКО» ҒӨФ, 2007. – 308 б.

Сапаров Қ.Т. Сарыарқа топонимиясының жер бетіндегі көрінісі // Гидрометеорология және экология. – Алматы. – 2010. – №2 – Б. 137-144.

Султаньяев О.Л. Принципы номинации в казахской топонимике Кокчетавской области // Ученые записки УрГУ. Серия филологическая. – 1971. – Вып. 18. – С. 62-72.

Ұлытау-Жезқазған өңірінің жер-су атаулары. / Жау. ред. Б.Ә. Айқынбай, Ғ.Е. Ештанаев. – Алматы: Эверо, 2007. – 220 б.

Downloads

Жарияланды

2023-03-16

How to Cite

Бекзатқызы, И. (2023). САРЫАРҚА ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ГИДРОНИМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. Гидрометеорология және экология, (3), 160–170. Retrieved from https://journal.kazhydromet.kz/index.php/kazgidro/article/view/1016

Журналдың саны

Бөлім

ГЕОГРАФИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары