СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ (ҚАЗАҚСТАН БӨЛІГІНДЕ) ЖЕР БЕТІ ЖӘНЕ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.54668/2789-6323-2024-113-2-7-15Кілт сөздер:
жер беті ағындысы, жер асты ағындысы, жер асты қоректенуі, гидравликалық байланыс, су алмасуы, ағынды гидрографы, сабалық ағындыАңдатпа
Бұл жұмыста Сырдария өзенінің жер беті және жер асты суларының өзара байланысына талдау және бағалау жасалды. Өзеннің жер асты суларымен қоректенуінің үлесін екі әдіспен есептеу қарастырылды: жалпы ағынды гидрографын генетикалық бөлшектеу және сабалық ағындыны есептеу. Таңдалған гидробекеттер арасындағы учаскелер бойынша өзенге келетін жер асты ағындысының айырмашылығы есептелді. Алынған нәтижелер негізінде шартты-табиғи және бұзылған кезеңдер бойынша салыстыру жүргізілді. Шартты-табиғи жағдайда Сырдария өзенінің бойында жер асты горизонттарына өзен ағындысының инфильтрациясы басым болды, алайда антропогендік әрекеттердің әсерінен жағдай керісінше өзгерді: Сырдария өзенінің ұзындығы бойынша жер асты суларының ағуы, оның ішінде Шардара СЭС (су электр станциясы) бөгеті астындағы фильтрацияланған суларының, іргелес аумақтағы суармалы алқаптардың коллекторлық-дренаждық және сарқынды суларының ағуы басым. Сондай-ақ, көктемгі су тасудың шыңдарының төмендеуі жер асты суларының деңгейін және өзендерге түсетін жер асты суларының үлесін арттырады. Жұмыста пайданылған әдістерді қолдануға ұсыныстар берілді.
References
Морозов П.Н. Подземный сток и методы его определения (учебное пособие). – Л: Изд-во ЛГМИ, 1975. – 61 с.
Аденова Д.К. Экосистемный подход к оценкам и использованию ресурсов подземных вод Казахстана в условиях климатически и антропогенно обусловленных изменений окружающей среды: дис. ... докт. философии (PhD): 6D075500. – Алматы, 2018. – 145 с.
Шестаков В.М. Динамика подземных вод. – М.: Изд-во МГУ, 1979. – 368 с.
Попов О.В. Подземное питание рек. – Л.: Гидрометеоиздат, 1968. – 291 с.
Шестаков В.М., Поздняков С.П. Геогидрология. – М.: ИКЦ Академкнига, 2003. – 176 с.
Sophocleous M. Interactions between groundwater and surface water // Hydrogeology Journal – 2002. – №10. – Р. 52-67. (https://doi.org/10.1007/s10040-001-0170-8)
Лешан И.Ю., Ахметов Р.М. О связи поверхностного и подземного стоков р. База. // Science Time. – 2014. – С. 158-163.
Джамалов Р.Г., Зекцер И.С., Кричевец Г.Н., Сафронова Т.И., Сотникова Л.Ф., Громова Ю.В. Изменение подземного стока под влиянием климата и антропогенных воздействий // Водные ресурсы и режим водных объектов. – 2008. – Т.35, № 1.– С.17-24.
Гюльмамедов Ч.Д. Взаимосвязи поверхностных и подземных вод Ширванской степи Азербайджана // Наука и мир. – 2018. – №10-2 (62). – С.14-20.
Василевский П.Ю. Взаимосвязь подземных и поверхностных вод в аридных условиях при антропогенном изменении поверхностного стока (на примере нижнего течения реки Хэйхэ): дис. ... канд. геол.-мин. наук: 25.00.07. – Москва, 2021. – 166 с.
Ахмедсафин У.М. Формирование подземного стока на территории Казахстана. – Алма-Ата: Изд-во Наука, 1970. – 135 с.
Куделин Б.И. Гидрогеологический анализ и методы определения подземного питания рек // ТрудыЛабор. гидрогеол. проблем им. Ф. П. Саваренского АН СССР. – 1949. – Т. V. – 180 с.
Куделин Б.И. Подземный сток на территории СССР. – Изд-во Московского ун-та, 1966. – 303 с.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2024 Гидрометеорология және экология
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License.