СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАЙЫНША МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНДА 2023 ЖЫЛЫ ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ӨНІМДІЛІГІНЕ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • И.И. Жұмағұлов С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Ж.Ж. Сатбалдиева «Қазгидромет» РМК

DOI:

https://doi.org/10.54668/2789-6323-2024-114-3-51-59

Кілт сөздер:

жауын-шашын, ауа температурасы, ылғалмен қамтамасыз ету, құрғақшылық, вегетациялық кезең, жаздық бидай, өнімділік

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі бойынша жетінші Ұлттық хабарламасын дайындау шеңберінде жүргізілген зерттеулер Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдеріне климаттық өзгерістердің ықтимал әсерін бағалауға бағытталған. Болжамға сәйкес, 2050 жылға қарай Солтүстік Қазақстан облысында вегетациялық кезеңдегі ылғалмен қамтамасыз ету қазіргі көрсеткіштермен салыстырғанда 11...16 %-ға төмендейді, ал климаттық құрғақшылық 10...15 %-ға артуы мүмкін. Бұл өзгерістер жаздық бидай өнімділігінің 30...40 %-ға төмендеуіне әкелуі ықтимал. Зерттеудің мақсаты – 2023 жылы Тайынша метеостанциясының бақылау учаскесіндегі Авиада сортының жаздық бидай өнімділігі мен метеорологиялық жағдайлар арасындағы байланысты анықтау. Осы мақсатта 2023 жылғы температура, жауын шашын мөлшері, гидротермиялық ылғал коэффициенті (ГТК), топырақтағы өнімді ылғал қоры, тиімді температуралардың қосындылары сияқты метеорологиялық көрсеткіштер зерттелді. Сонымен қатар, жаздық бидайдың өсу және даму ерекшеліктері ескеріліп, сол жылғы өнімділік мәліметтері сарапталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жаздық бидай дамуының маңызды кезеңдерінде жауын-шашынның жеткіліксіз болуы астықтың пісу кезеңінде стресстік жағдай туғызып, өнімділікке теріс әсер етті. Сондай-ақ, тамыз-қыркүйек айларында жауын-шашынның артуы егін жинау кезінде және одан кейінгі кезеңде астықтың жоғалуына себеп болды. Бұл мақалада Тайынша метеостанциясында 2023 жылдың мамыр...тамыз айларында өткен ғылыми-зерттеу тәжірибесінің нәтижелері сипатталған.

References

Сельское хозяйство Казахстана // Седьмое национальное Сообщение и третий двухгодичный Доклад Республики Казахстан Рамочной конвенции ООН об изменении климата. Астана, 2017. С. 203-215.

Байшоланов С.С. Павлова В.Н и др. Агроклиматические ресурсы Северо-Казахстанской области: научно-прикладной справочник. Астана 2017.125 с. № 19. С. 82-89.

Байшоланов С.С., Полевой А.Н. Агроклиматическое зонирование северной зерносеющей территории Казахстана//Украинский гидрометеорологический журнал. 2017. № 19. С. 82-89.

Жумагулов И.И., Амантаев Б.О., Муханов Н.К., Кульжабаев Е.М.//Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты. 2021. №3 (91), С.28-36.

МустафинаА.Б. Основные особенности влияния погодных условий на урожайность зерновых культур в Республике Татарстан// Гидрометеорологические исследования и прогнозы. 2019. № 2 (372). С. 144-153.

Asadi S., Bannayan M., Monti A. The association of crop production and precipitation; a comparison of two methodologies // Arid land research and management. T.33 (2),2019, С. 155-176.

Гольдварг Б.А., Боктаев М.В., Филиппов Е.Г., Донцова А.А. Влияние количества осадков в период вегетации на урожайность районированных сортов ярового ячменя в засушливой центральной зоне республики Калмыкия //Зерновое хозяйство России. 2019 (5), С.14-17.

Наставление по производству арометеорологических наблюдений на гидрометеорологических станциях и постах. Книга 1 производство агрометеорологических наблюдений. Астана 2011.

Hunt E. D.Svoboda, M.,WardlowB.,Hubbard K., Hayes, M., Arkebauer, T. Monitoring the effects of rapid onset of drought on non-irrigated maize with agronomic data and climate -based drought indices// Agricultural and forest meteorology. 2014. T.191, C.1-11.

Абаев Н.Н., Турашов Ш.Е., Нысанбаева А.С., Болатов К.М. Применение данных дистанционного зондирования земли для оценки урожайности зерновых культур северо-казахстанской области. Журнал «Гидрометеорология и экология», выпуск № 2, Астана 2020 год.

Кардашина В. Е., Николаева Л. С. Влияние агрометеорологических условий на урожайность и развитие овса // Пермский аграрный вестник, №1(21),2018, С.70-76.

Аринов К., Мусынов К., Шестакова Н., Серекпаев Н., Апушев А. Растениеводство. Астана 2016. С.208-244.

Магафурова Ф.Ф., Хуснутдинов В.В. Урожайность и технологические качества зерна различных сортов пшеницы в условиях предуральской зоны республики Башкортостан, //Известия Уфимского научного центра РАН, №3- 6,2018, С.34-36.

Жарияланды

2024-10-16

How to Cite

Жұмағұлов, И., & Сатбалдиева, Ж. (2024). СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАЙЫНША МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНДА 2023 ЖЫЛЫ ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ӨНІМДІЛІГІНЕ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ. Гидрометеорология және экология, (3), 51–59. https://doi.org/10.54668/2789-6323-2024-114-3-51-59

Журналдың саны

Бөлім

МЕТЕОРОЛОГИЯ