ҚҰРҒАҒАН ТЕҢІЗ ТАБАНЫНДАҒЫ ӨСІМДІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛУІ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІ
Кілт сөздер:
АРАЛ, ӨСІМДІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫ, БИОМАССААңдатпа
Жалпы Арал теңізінің құрғаған орнында өсімдіктер қауымдастығының түрлік құрамы жұтаң емес. Мұнда көпжылдық бұта мен жартылай бұталар, ксерофиттер мен эфемерлер өсімдік жабынын құрайды. Арал теңізінің орнындағы жаңа құрлықтағы өсімдік қауымдастығы бастапқы даму кезеңінен өтуде. Сол себепті, биомассасы аз, түрлік құрамы жұтаң, бірақ сол азғантай түрлер және олардың дамуы теңізді айнала қоршаған шөл даланың өсімдігіне ұқсас. Тек теңіздің ішіндегі бұрынғы аралдар Барсакелмес пен Қасқұланда байырғы өсімдік түрлері сақталғанымен, сирексіп қалғаны байқалады.
References
Арал теңізінің құрғаған орнында жаңа құрылықтың қалыптасуы жəне тұрғындарды реабилитациялау мақсатында оны шаруашылыққа игеру. 2009 жылғы шаруашылық келісім-шарт жұмысының ғылыми есебі. – Қызылорда, 2009.
Нұрғызарынов А.М., Шапшанов Қ.Ш. Арал өңірінің экологиясы. – Қызылорда: 1996.