ТЕРРИТОРИЯ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРЫҚ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
Кілт сөздер:
Атмосфералық жауын-шашын, тәулігіне максималды біржолғы, топырақ-климаттық жағдайлар, талдау әдістері, жауын-шашындыАңдатпа
Бұл еңбекте жаз мезгілінде аймақтағы құрғақшылықты дұрыс бағалауға әкеліп соғатын жолдарды іздеу мәләметтері ұсынылған. Топырақ құрғақшылығының ықтималдығын нақты болжау жане дұрыс бағалау қиындығы топырақтың жарықшалық құрылымымен байланысты. Құрғақшылықты туғызытын бірден – бір фактор атмосфералық жауын-шашынның жиілігі мен көлемі болып табылады, ал зерттеліп отырған белдем тармағында (подзона) кейбір жылдары олардың нормадан үлкен ауытқушылықтары орын алған. Бұл ауытқушылықтарды жүйелеу талап етіледі, мұнан былай болжамды басқару (меңгеру) мүмкіндігіне ие болу мақсатында. Сондықтан мақала авторы күңгірт қара қоңыр топырақ белдем тармағында атмосфералық жауын-шашынның түсу режимін (тәртібі) ашып көрсетеді.
Атмосфералық жауын-шашын түсуінің орташа көпжылдық мәліметтерімен қатар, бір тәулікте немесе бірнеше тәулік қатарынан жауған жауын-шашын қосындысы 20 мм асып түсетін жағдайлар қарастырылған. 1986 мен 2006 жылдар аралығында жылдардың 70 %-да, жаз мезгілінде осындай жауын-шашын түскен жағдай орын алған. Қарастырылып отырған жылдары жауын-шашын түсу жиілігі 23 рет жеткен. Мәліметтерді талдау барысында (М Караменды), 1986...2015 жылдар аралығында жылдардың 66 %-да «біржолғы» жауын-шашындар 35 жиілікпен түскен.
«Біржолғы» жауын-шашындардың бірнеше күн қосындысы және біркүндік түсуі орташакөпжылдық айлық шамасына жетуі мүмкін, ал кей уақытта бірнеше рет артып кетуі мүмкін. Автордың ойынша, осындай жауын-шашындарды жүйелеу, дақылдардың өнімділігін, сонымен қатар аймақтағы байланысты жағдайлардың ықтималдығын санауға мүмкіндік береді.
References
Абдигалиев Т. Эффективность удобрений на эродированных тем-но-каштановых карбонатных почвах Северного Казахстана (На примере совхоза «Новоишимский» Целиноградской области) // Вопросы географии и охраны природы Северного Казахстана / Сб. научных работ. – Алматы: Кайнар, 1982. – С. 47-54.
Байдал М.Х. Колебания климата Кустанайской области в 20 столе-тии. – Л.: Гидрометеоиздат, 1971. – 155 с.
Богословский Б.Б., Мамохин А.А., Иванов К.Е., Соколов Д.П. Об-щая гидрология (гидрология суши). – Л.: Гидрометеоиздат. – 1984. – 357 с.
Макаров А.И., Серова А.А. Экологическое испытание сортов зер-новых культур на темно-каштановых почвах Акмолинской области // Земледелие и селекция сельскохозяйственных растений на со-временном этапе: Матер. междунар. науч.-практич. Конф. – Аста-на-Шортанды, 2016. – Т. 2. – С. 115-120.
Никаноров А.М. Гидрохимия. – Л.: Гидрометеоиздат, 1989. – 351 с.
Почвозащитная система земледелия: справочник / под ред. Барае-ва А.И., Сулейменова М.К. – Алматы, 1985. – 200 с.
Семанова Е.И. Земельный фонд Казахской ССР и его качественная характеристика / Успехи почвоведения в Казахстане (к Х Между-народному конгрессу почвоведов). – Алматы: 1975. – С. 36-48.