ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ БАССЕЙНІІНІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАР ЖАМЫЛҒЫСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.54668/2789-6323-2021-103-4-29-37Кілт сөздер:
қар жамылғысы, қардағы судың қоры, қар жамылғысының еру күні, қар жамылғысының бұзылу күн, метеорологиялық станция, кеңістік тұрғысынан өзгергіштікАңдатпа
Жұмыс барысында Мұғалжар таулары, Подуральское үстірті, Каспий маңы ойпаты сияқты табиғи ландшафтық аймақтарды қамтитын, Жайық өзені бассейнінің аумағындағы қар жамылғысына зерттеулер жүргізілді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Жайық өзені бассейніндегі қар жамылғысы сипаттамаларының (қар жамылғысының биіктігі, қардағы су қоры) кеңістік тұрғысынан алғандағы өзгергіштігін және олардың уақыт бойынша өзгерістерін анықтау болып табылады. Қар жамылғысын зерттеудің негізгі көзі ретінде метеостанциялардың гидрометеорологиялық желісінде тікелей жүргізілген бақылаулардың материалдары пайдаланылды. 1977...2020 жылдар аралығындағы қар жамылғысы бойынша мәліметтер алынды. Алғашқы материалдар ретінде 23 метеорологиялық станция бойынша тұрақты қар жамылғысының орныққан және ери бастаған күндері, тұрақты қар өлшеуіш рейка бойынша қар биіктігі, қардағы судың қоры мен тығыздығы қолданылды. Соңғы 40 жылдағы мәліметтерге сәйкес, Жайық өзені бассейнінің аумағы бойынша қар жамылғысының пайда болу және бұзылу күндері бір бағытқа жылжып отырғандығы, ал қар жамылғысы болған күндердің саны мен қар жамылғысының биіктігі айтарлықтай өзгергендігі анықталды.
References
Кауазов А.М. Возможность определения дат схода снежного покрова в Северном Казахстане по спутниковым данным NOAA/AVHRR // Вестник КазНУ. Серия географическая. 2010. № 1. С. 95-99.
Методические указания. По критическому просмотру материалов по снежному покрову (ежедневные наблюдения и снегосъёмки) // РГП Казгидромет, Алматы – 2006
Научно-прикладной справочник по климату СССР // Серия 3. Многолетние данные Части 1-6. Выпуск 18. Казахская ССР. Книга 2 С. 322-323, 330-410
Научно-прикладной справочник по климату Казахстана// Астана - 2011
Руководство по подготовке к печати материалов по снежному покрову (снегосъемки и снеготаяние) // Гидрометеоиздат, Ленинград –1963
Руководящий документ, Производство наблюдений над интенсивностью снеготаяния и водоотдачей из снежного покрова // РД 52.08. 2009 – Санкт-Петербург – 2009
Турулина Г.К., Сальников В.Г., Полякова С.Е., Муратова Н.Р. Современные тенденции продолжительности залегания устойчивого снежного покрова в Северном Казахстане // Гидрометеорология и экология. –2013. – № 3. – С. 7-15.
Чурюлин Е.В., Жданова Е.Ю. Пространственная и временная изменчивость характеристик снежного покрова на территории Московского региона в последние десятилетия (2000-2018гг) // Гидрометцентр России