Журналдың міндеттері мен функциялары

Журнал отандық және әлемдік гидрометеорологиялық ғылым мен практиканың негізгі проблемалары мен жетістіктерін, қоршаған ортаның, климаттың, экологияның жай-күйін мониторингтеу мәселелерін жариялау мақсатында шығарылады.

Журнал қазақстандық және халықаралық ғылыми-ақпараттық жүйенің бөлігі ретінде келесі міндеттерді шешуге қатысады:

1) гидрометеорологиялық қызметтің және Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің ғылыми ұйымдарының ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және инновациялық қызметінің нәтижелерін көрсету. Журналдың жарияланатын материалдарында мемлекеттік, қызметтік немесе коммерциялық құпияға жататын мәліметтерді қамтитын ғылыми және техникалық ақпарат болмауға тиіс;

2) гидрометеорологиялық қызмет көрсетудің ғылыми құрамдас бөлігін қалыптастыру және ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін практикалық пайдалануды насихаттау;

3) ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал ететін ашық ғылыми полемиканы қалыптастыру

          Журналда білім салаларының өзекті мәселелерін көрсететін ғылыми материалдар, өлшеудің жаңа құралдары мен әдістері, ақпаратты өңдеудің заманауи технологиялары туралы материалдар жарияланады, жаңа кітаптардың, монографиялардың, атластардың және анықтамалық әдебиеттердің шығарылуы, конференциялардың, кеңестердің өткізілуі және ғылыми қызметтің басқа да оқиғалары туралы хабарланады, Гидрометеорология және экология саласындағы көрнекті ғалымдар туралы мақалалар жарияланады экология