Журналдың міндеттері мен функциялары
Журнал отандық және әлемдік гидрометеорологиялық ғылым мен практиканың негізгі проблемалары мен жетістіктерін, қоршаған ортаның, климаттың, экологияның жай-күйін мониторингтеу мәселелерін жариялау мақсатында шығарылады.
Журнал қазақстандық және халықаралық ғылыми-ақпараттық жүйенің бөлігі ретінде келесі міндеттерді шешуге қатысады:
1) гидрометеорологиялық қызметтің және Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің ғылыми ұйымдарының ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және инновациялық қызметінің нәтижелерін көрсету. Журналдың жарияланатын материалдарында мемлекеттік, қызметтік немесе коммерциялық құпияға жататын мәліметтерді қамтитын ғылыми және техникалық ақпарат болмауға тиіс;
2) гидрометеорологиялық қызмет көрсетудің ғылыми құрамдас бөлігін қалыптастыру және ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін практикалық пайдалануды насихаттау;
3) ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал ететін ашық ғылыми полемиканы қалыптастыру
Журналда білім салаларының өзекті мәселелерін көрсететін ғылыми материалдар, өлшеудің жаңа құралдары мен әдістері, ақпаратты өңдеудің заманауи технологиялары туралы материалдар жарияланады, жаңа кітаптардың, монографиялардың, атластардың және анықтамалық әдебиеттердің шығарылуы, конференциялардың, кеңестердің өткізілуі және ғылыми қызметтің басқа да оқиғалары туралы хабарланады, Гидрометеорология және экология саласындағы көрнекті ғалымдар туралы мақалалар жарияланады.
"Гидрометеорология және экология" журналы ашық қол жетімді журнал болып табылады. Барлық материалдар пайдаланушыларға тегін беріледі. Пайдаланушыларға мақалалардың толық мәтіндерін оқуға, жүктеуге, көшіруге, таратуға, басып шығаруға, іздеуге немесе сілтемелер беруге, сондай-ақ оларды баспагерден немесе автордан алдын ала рұқсат сұрамай-ақ кез келген басқа заңды мақсаттарда пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл BOAI ашық қатынау анықтамасына сәйкес келеді.
"Гидрометеорология және" журналының авторлары, автордың ғылыми жұмысқа құқығын сақтайды және журналға шығармамен бірге алғашқы жариялау құқығын береді, оны бір уақытта Creative Commons лицензиясы бойынша лицензиялайды.
Журнал CC BY-NC лицензиялау формасын қолданады .