025 жылғы журналдың арнайы шығарылымына мақалалар жариялауға шақыру
«Қазгидромет» РМК әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология және гидрология кафедрасының профессоры, география ғылымдарының докторы, Қазақстанның көрнекті ғалымы Сакен Қаламқалиұлы Давлетғалиевтің 90 жылдық мерейтойына «Гидрометеорология және экология» ғылыми-техникалық журналында арнайы шығарылым шығаруды жоспарлап отыр. Сакен Қаламқалиұлы өзінің бүкіл өмірін отандық гидрология мен гидрологиялық болжаудың дамуына, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлауға арнады.
Журналдың редакциялық алқасы мерейтойлық шығарылымға үлес қосуға шақырады. Бұл үшін төмендегі материалдарды жариялау ұсынылады:
- гидрология, гидрометеорология, гидрологиялық болжамдар және іргелес пәндер саласындағы қазіргі зерттеулер мен жетістіктерді қамтитын ғылыми мақалалар;
- мерейтой иесіне арналған құттықтау хаттар.
Арнайы шығарылымға үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) материалдар а.ж. 30 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: https://journal.kazhydromet.kz/kazgidro/index
Байланыс тұлғасы: Елтай Айзат Ғалиқызы, hydromet.journal@gmail.com, тел.: 8 (7172) 79-83-12.




