ШИРВАН АУМАҒЫНДАҒЫ ӨЗЕНДЕР АҒЫНДЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӨЗГЕРУІН БАҒАЛАУ (ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ)
DOI:
https://doi.org/10.54668/2789-6323-2023-111-4-25-33Кілт сөздер:
су ресурстары, Ширван өзендері, шаруашылық қызмет, статистикалық анализАңдатпа
Ширван бассейні өзендер теңіз деңгейінен 400... 4466 м биіктікте Әзірбайжан Республикасының аумағында Үлкен Кавказдың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің аумағы Үлкен Кавказ тау бөктерімен қоршалған, шығыстан Агсучай өзенімен, ал батыстан Алиджанчай өзенімен шектеседі. Зерттелетін аумақтың су ресурстары негізінен ауыл шаруашылығында, ауыз сумен жабдықтауда және т. б. пайдаланылады. Аумақтың төменгі бөлігі құрғақ аймақта орналасқандықтан, өзен сулары белгілі бір шаруашылық мақсаттарда пайдаланылады. Бұл экономикалық қызмет өзен режиміне үлкен әсер етеді. Сондықтан ауданның су ресурстары туралы есеп және оның дұрыс болжамы маңызды. Осыған байланысты маңызды мәселелердің бірі - өзендердің орташа жылдық ағынын статистикалық талдауды ғылыми зерттеу және Ширван аумағында ағып жатқан өзендер ағынының қазіргі өзгерістерін бағалау.
Жүргізілген талдау ағынның ең үлкен өзгерісі Алиджанчай, Турянчай, Демирапаранчай, Гирдиманчай және Агсучай өзендерінде байқалғанын көрсетті. Турянчай мен Демирапаранчай өзендерінде 1960...1990 жылдармен салыстырғанда қазіргі кезеңде (1991...2017 ж.) су өтімі сәйкесінше 14,2% және 20,6%-ға өсуі байқалады. Алайда 1991...2017 кезеңінде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда Алиджанчай, Гирдиманчай және Агсучай өзендерінде су өтімінің сәйкесінше 9,2%, 25 %, 15,8% төмендеуі байқалды.
References
Эйюбов И.А. Эффективное использование зимнего стока рек в Огуз-Габалинском районе // Географическое общество НАНА. – Т. 10, № 3. – 2022. С. 125-130.
Махмудов Р.Н. Региональные изменения климата и речной сток в Азербайджане // Водные проблемы Наука и технологии. – Т. 1 (19). - 2022. - С.7-17.
Махмудов Р.Н. Водные ресурсы Азербайджанской Республики. - Баку, 2003. - 24 с.
Мамедов А.Ш., Эйюбов И.А. Подготовка технических мероприятий для восстановления уровня подземных вод бассейна Дашагылчай // Гидрометеорология и экология. - № 2. - 2018. – С. 181-191.
Иманов Ф.А., Алекбаров А.Б. Современные изменения и комплексное управление водными ресурсами Азербайджана. – Баку: Муртаджим, 2017. - 352 с.
Иманов Ф.А. Водные ресурсы и их использование в трансграничном бассейне р. Куры. - Санкт-Петербург, 2016. - 163 с.
Рустамов С.Г., Кашкай Р.М. Водный баланс Азербайджанской ССР. – Баку: Элм, 1978. – 110 с.
Рустамов С.Г., Кашкай Р.М. Водные ресурсы Азербайджанской ССР. – Баку: Элм, 1989. -180 с.
FAO, 2009. Irrigation in the Middle East region in figures Aquastat survey 2008. FAO Water Reports No. 34. - 423 pp.
Transboundary Diagnostic Analysis - Update 2013.UNDP/GEF Project. Reducing Transboundary Degradation in the Kura-Aras River Basin. Baku/Tblisi/Yerevan. - 2013. - P. 156.
Комитет статистики Республики Азербайджан. [Электронный ресурс] URL: www.stat.gov.az.