АЛМАТЫ МЕН ҚАПШАҒАЙДЫҢ ТУРИСТІК КЛИМАТТЫҚ ИНДЕКСІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.54668/2789-6323-2026-122-2-101-113Кілт сөздер:
туризм, климат, туристік климаттық индекс, биоклимат, маусымдылық, Алматы, ҚапшағайАңдатпа
Туристік климаттық индекс (Tourism Climate Index – TCI) белгілі бір аумақтың туризм үшін климаттық қолайлылығын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік беретін маңызды биоклиматтық көрсеткіш болып табылады. Бұл индекс температура, салыстырмалы ылғалдылық, жауын-шашын мөлшері, жел жылдамдығы және күн сәулесінің ұзақтығы сияқты негізгі метеорологиялық факторларды біріктіре отырып, климаттық жағдайлардың туристік рекреацияға әсерін сандық түрде сипаттайды.
Осы зерттеуде Алматы қаласы мен Қапшағай өңірінің туристік климаттық жағдайлары TCI әдістемесі негізінде бағаланды. Зерттеу 1978...2020 жылдар аралығын қамтып, екі кезең бойынша қарастырылды: 1978...1998 және 1999...2020 жылдар. Есептеулер айлық метеорологиялық деректер негізінде жүргізіліп, екі кезең арасындағы климаттық қолайлылықтың өзгеру үрдістері салыстырмалы түрде талданды.
Зерттеу нәтижелері екі аумақта да климаттық жайлылықтың айқын маусымдық сипаты бар екенін көрсетті. Алматы қаласында туристік климаттық жағдайлар көктем мен күз айларында анағұрлым қолайлы болып, әсіресе сәуір және қыркүйек айларында TCI көрсеткіштері жоғары мәндерге жетеді. Жаз мезгілінде жоғары температура климаттық жайлылық деңгейінің біршама төмендеуіне әсер етеді. Қапшағай өңірінде туристік климаттық жағдайлардың маусымдық сипаты Алматымен ұқсас болып, жаз айларындағы TCI көрсеткіштері екі аумақта да шамалас деңгейде байқалады.
Салыстырмалы талдау нәтижелері Алматыда соңғы кезеңде климаттық жайлылық деңгейінің аздап төмендеу үрдісі байқалатынын, ал Қапшағайда индекс мәндерінің салыстырмалы тұрақтылығы сақталғанын көрсетті. Жалпы алғанда, екі өңірде де туристік климаттық жағдайлар «қанағаттанарлық» деңгейде бағаланды. Зерттеу нәтижелері климаттық факторларды ескере отырып туризмді аумақтық жоспарлау, туристік маусымдарды тиімді ұйымдастыру және тұрақты туризм стратегияларын қалыптастыру үшін маңызды ғылыми негіз болып табылады.
References
C.de Freitas, D. Scott A second generation climate index for tourism (CIT): Specification and verification International Journal of Biometeorology, 2008, 52(5):399-407 DOI:10.1007/s00484-007-0134-3
Adamenko, V.N. Problems of bioclimatic assessment of weather severity and reclamation of the microclimate of the building / V.N. Adamenko, K.Sh. Khairullin // Trudy GGO. – 1973. – Issue 306. – pp. 74-81.
Tzu-Ping Lin, Andreas Matzarakis Tourism climate and thermal comfort in Sun MoonLake, Taiwan, 2008 Int. J Biometeorology 52(4):281-90 DOI:10.1007/s00484-007-0122-7.
Climatic resources and methods of their representation for applied purposes /edited by K.Sh.Khairullina. St. Petersburg: Hydrometeoizdat, 2005. 231s.
Katarzyna Lindner-Cendrowska Assessment of bioclimatic conditions in urban areas for tourism and leisure activities. Geographia Polonica 86(1):55-66 DOI:10.7163/GPol.2013.7
S.Toy, S.Yilmaz, H. Yilmaz Determination of bioclimatic comfort in three different land uses in the city of Erzurum, Turkey. Building and Environment, Volume 42, Issue 3, March 2007, Pages 1315-1318.
Mieczkowski, Z. (1985). The Tourism Climate Index: A method of evaluating world climates for tourism. The Canadian Geographer / Le Géographe canadien, 29(3), 220–233. https://doi.org/10.1111/j.1541-0064.1985.tb00365.x
Amelung, B., & Viner, D. (2006). Mediterranean tourism: Exploring the future with the tourism climate index. Journal of Sustainable Tourism, 14(4), 349–366. https://doi.org/10.2167/jost549.0
Scott, D., McBoyle, G., & Schwartzentruber, M. (2004). Climate change and the distribution of climatic resources for tourism in North America. Climate Research, 27(2), 105–117. https://doi.org/10.3354/cr027105
Perch-Nielsen, S. L., Amelung, B., & Knutti, R. (2010). Future climate resources for tourism in Europe based on the daily tourism climatic index. Climatic Change, 103(3–4), 363–381. https://doi.org/10.1007/s10584-009-9772-2
Қазгидромет деректер базасы. Метеорологиялық деректер порталы [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік режимі: https://meteo.kazhydromet.kz/database_meteo
R бағдарламасы құжаттамасы. MK Test – Манн–Кендалл трендтік тесті (trend пакеті, 1.1.4 нұсқасы). Қолжетімділік режимі: https://www.rdocumentation.org/packages/trend/versions/1.1.4/topics/mk.test
Қазақстандағы биоклиматтық өзгерістерді бағалау (XX ғасырдың соңы – XXI ғасырдың ортасы, PRECIS болжамы негізінде).
Aiman S. Nyssanbaeva, Alexandr V. Cherednichenko, Vladimir S. Cherednichenko, Nurlan N. Abayev, Azamat S. Madibekov. Bioclimatic conditions of the winter months in Western Kazakhstan and their dynamics in relation to climate change // International Journal of Biometeorology. Special issue: Asian biometeorology (invited only). – 2018. (https://doi.org/10.1007/s00484-018-1513-7)
Керімқұл А.Ж., Мадибеков А.С. Қапшағай су қоймасындағы температуралық режимнің климат өзгеруіне әсері// ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы. – 2021. – 63(4). – 55–62 б.
V.Vinogradova Using the Universal Thermal Climate Index (UTCI) for the assessment of bioclimatic conditions in Russia. Int. J of Biometeorology 65(9). DOI:10.1007/s00484-020-01901-4 May 2020
O. Çalışkan, İ.Çiçek, Matzarakis The climate and bioclimate of Bursa (Turkey) from the perspective of tourism. July 2011 Springer-Verlag, DOI 10.1007/s00704-011-0489-6
K. Blazejczyk Weather recreation index for Europe. DWD, Annalen der Meteorologie, 41, 2,17th International Congress of Biometeorology ICB 2005, p. 604-607
Dubois, G., & Ceron, J. P. (2006). Tourism and climate change: Spatial modelling of regional vulnerability. Revue de Géographie Alpine, 94(1), 105–118. https://doi.org/10.3406/rga.2006.2382
Rutty, M., & Scott, D. (2010). Will the Mediterranean become “too hot” for tourism? Tourism and Hospitality Planning & Development, 7(3), 267–281. https://doi.org/10.1080/1479053X.2010.502386
Blazejczyk, K., 1987: A model for bioclimatic evaluation and typology of health resorts and recreation areas. Geographia Polonica, 53: 141-148.
I. Keggenhoff , M. Elizbarashvili, A. Amiri-Farahani, L. King aTrends in daily temperature and precipitation extremes over Georgia, 1971–2010. Weather and Climate Extremes 4 (2014) 75–85. http://dx.doi.org/10.1016/j.wace.2014.05.001
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Айкерим Керимкул, Айман Нысанбаева, Азамат Мадибеков

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.




