БҰҚТЫРМА СУ ҚОЙМАСЫ ӨЗЕНДЕРІНІҢ ОҢ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ САЛАЛАРЫНЫҢ СУ АЛАПТАРЫНЫҢ КЛИМАТТЫҚ БЕЙІНІ
DOI:
https://doi.org/10.54668/2789-6323-2023-110-3-24-31Кілт сөздер:
ауаның орташа тәуліктік температурасы, атмосфералық жауын-шашын, жылдамдық, жел бағыты, Бұқтырма су қоймасыАңдатпа
Бұл мақалада Бұқтырма су қоймасының оң салаларының су жинау аймағының климаттық профиліне талдау жасалды. Ауа температурасы мен жауын - шашын бойынша 1990 ж. мен 2021 ж. аралығындағы соңғы кезең, желдің жылдамдығы мен бағыты бойынша 1966...2000 жж. кезеңнің климаттыұ мәліметтері негіз болды. Жұмыс нәтижелері көрсеткендей, қарастырылып отырған аумақта ауаның орташа жылдық температурасы -1,8-ден +3,8 0С-қа дейін ауытқиды. Аумағының көп бөлігінде жауын - шашынның таралуы уақыт бойынша біркелкі емес болды. Жылы мезгілде атмосфералық жауын-шашынның жылдық сомасының 60...75%, жылдың суық мезгілінде 15% түседі. Жауын - шашынның айлық үлестірімінде максималды мәні маусым және шілде айларында, ал минимумы қаңтар айында байқалады. Марқакөл қорығы (1372 м), Катонқарағай (1081 м) және Лениногорск (809 м) биік таулы метеостанцияларындағы жауын-шашынның жылдық мөлшері 1991...2020 жылдар кезеңінде 441...634 мм құрайды, ал қарастырылып отырған аумақтың аласа таулы бөлігінде орналасқан метеостанцияларда Куршим (433 м) және Үлкен Нарын (402 м) 256 мм-ден 395 мм-ге дейін өзгереді. Тәуліктік мәліметтер қатары бойынша есептелген, желдің айлық орташа жылдамдығының көрсеткіштері, шығыс бағыттағы желдің қауталанушылығы жоғары екенін көрсетті. Көпжылдық бөлімде желдің ең төменгі жылдамдығы Марқакөл қорығы станциясында 0,6 м/с (қаңтар), ал ең жоғары 4,2 м/с (сәуір) Катон-Қарағай станциясында байқалады.
References
Абишев. И. А., Медеу А. Р., Мальковский И. М., Толеубаева Л. С. Водные ресурсы Казахстана и их использование // КВР МСХ РК, Алматы, Казахстан 2016 г., с. 2.
Долгих С.А., Смирнова Е.Ю., Сабитаева А.У. К вопросу о построении сценариев изменения климата Казахстана // Гидрометеорология и экология, № 3, 2006 г., с. 38.
Достай Ж. Д. Водные ресурсы Казахстана: Оценка, Прогноз, Управление // Институт Географии. – 2012 г., с. 330.
Ежегодный бюллетень мониторинга состояния и изменения климата Казахстана: 2020 год. – Нур-Султан, 2021. – 75 с.
Заявление ВМО о состоянии глобального климата в 2021 году // ВМО. – Женева, 2022. – ВМО-№ 1290. – 57 с.
Климат. ВМО для Молодежи [Электронный ресурс] URL: https://youth.wmo.int/ru/met-subpages/%D0%BA%D0%BB%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D1%82 (дата обращения: 15.10.2022 г.)
Кожахметов П.Ж., Елеуова К.Т., Баймагамбетов Б.О., Жунисова М.А. Районирования территорий Казахстана по температурным воздействиям // Гидрометеорология и экология, № 3, 2015 г., c. 8.
Логиновская А.Н., Егорина А.В. Экологические аспекты использования прибрежной территории Буктырминского водохранилища // Интерэкспо Гео-Сибирь – 2015 г.
Сальников В.Г., Турулина Г.К., Полякова С.Е., Петрова Е. Изменение климата и его региональное проявление в Казахстане // Гидрометеорология и экология, № 2, 2014 г., с. 17
Справочника по климату Казахстана Ветер. Выпуск V. 2005г. Период обработки 1966-2000гг
GCOS. Состояние Глобальной системы наблюдений за климатом в 2021 году: резюме. (GCOS-239), публикация ВМО, Женева, 2021.
Masson-Delmotte V.P., Zhai A., Pirani S.L., Connors C., Péan S., Berger N., Caud Y., Chen L., Goldfarb M.I., Gomis M., Huang K., Leitzell E., Lonnoy J.B.R., Matthews T.K., Maycock, T., Waterfield O., Yelekçi R. Yu, B. Zhou. Climate Change 2021: The Physical Science Basis. Contribution of Working Group I to the Sixth Assessment Report of the Intergovernmental Panel on Climate Change. Cambridge University Press, Cambridge, United Kingdom and New York, NY, USA, 2391 pp. doi:10.1017/9781009157896.