МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Л.С. Курбанова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

DOI:

https://doi.org/10.54668/2789-6323-2021-102-3-17-26

Кілт сөздер:

мұнай, мұнаймен ластану, сұр-қоңыр топырақ, микробиологиялық талдау, микроорганизмдер, ауыр металдар

Аңдатпа

Мұнай-газ саласы дамыған өңірлердегі негізгі экологиялық проблема, қоршаған орта нысандарының мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы болып табылады. Еліміздің мұнай-газ өңірлерінде қазірдің өзінде жылдан жылға нашарлап бара жатқан аса қолайсыз экологиялық ахуал қалыптасып отыр. Бұл мақалада, мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған сұр-құба топыраққа микробиологиялық және химиялық талдау арқылы экологиялық бағалау жүргізілген.
Мақалада микроорганизмдердің әртүрлі экологиялық-трофикалық топтарының, атап айтқанда гетеротрофты микроорганизмдер мен зеңді саңырауқұлақтардың биоиндикациялық маңызы көрсетілген. Жер үсті экожүйелеріндегі техногендік әсердің әртүрлі түрлеріне зеңді саңырауқұлақтардың реакцияларын талдау, микробиотаның биоиндикациялық әлеуетін толық бағалауға мүмкіндік береді.
Алынған мәліметтерге сәйкес, зерттелген антропогендік экожүйеде әртүрлі микробтық қауымдастықтардың өмір сүру стратегиясын байқауға болады. Микроорганизмдер қоғамдастығы экологиясының негізгі ережелерінің қазіргі заманғы дамуы, сондайақ популяциялық биологияның жетістіктері және жекелеген түрлердің абиотикалық және биотикалық факторларға реакциясы туралы көптеген мәліметтер микробиотаның биоиндикациялық әлеуетін экотехникалық жүйені ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлерінде талдауға мүмкіндік береді. Келтірілген деректерді пайдалану қоршаған ортаны санитарлық сауықтыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеуге негіз болады.

References

Бурова Л.Г. Экология грибов-макромицетов. – М., 1986. – 222 с.

Воробьева Л.А. Химический анализ почв. – М.: Изд-во МГУ, 1998. – 272 с.

Звягинцев В.Г. Методы почвенной микробиологии и биохимии. – М.: Изд-во МГУ, 1980. – 224 с.

Киреева НА., Водопьянов В.В., Мифтахова A.M. Биологическая активность нефтезагрязненных почв. – Уфа: Гил ем, 2001. – 376 с.

Мамонтов В.Г. Химический анализ почв и использование аналитических данных. лабораторный практикум. – Изд-во: Лань, 2019 г. – 328 с.

Нурпеисова М.Б. Экологическая безопасность освоения недр: моногр. / М.Б. Нурпеисова, Е.Г. Карибаев. – Алматы: Печ. Дом, 2013. – 240 с. ISBN 967-843-55-7.

Пархоменко А.Н. Влияние загрязнения нефтепродуктами и серой на микрофлору почв аридной зоны: автореф. дис. ... канд. биол. наук : 03.02.08 / Пархоменко Анна Николаевна. – Уфа, 2011 – 26 с.

Переведенцева Л.Г. П 27 Микология: грибы и грибоподобные организмы: учеб. пособие / Перм. гос. ун-т. – Пермь, 2009. – 199 с.

Подавалов Ю.А. Экология нефтегазового производства. / Ю.А. Подавалов. – Москва: Инфра-Инженерия, 2010. – 416 с.

Принципы организации и методы стационарного изучения почв / Под ред. А.А. Роде, Н.А. Ногина, И.Н. Скрынникова. – М.: Наука, 1976. – 415 с.

Сабирова А.Р., Адильханова А.К. Экологическая оценка влияния нефтяных загрязнений на окружающую среду в Мангистауской области // ҚазККА Хабаршысы. – 2010. – № 5 (66). – С. 263-266.

Moharram A.M., El-Hissi F.T., El-Zayat S.A. Studies on the mycoflora of Aswan high dam lake, Egypt: vertical fluctuations // J. Basic Microbiol. – 1990. – V. 30. – N3. – P. 197-208.

Nordgren A.E., Baath E., Soderstrom J. Microfungi and microbial activity along a heavy metal gradient // Appl. Environ. Microbiol. – 1983. – V. 405. – P. 1829-1937.

Odu C.T.I. Oil degradation and microbial change in soils deliberately contaminated with petroleum hydrocarbons // Inst. Petrol. (Tech. Pap.). – 1977. – N5. – P. 1-11.

Downloads

Жарияланды

2023-02-02

How to Cite

Курбанова, Л. (2023). МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ . Гидрометеорология және экология, (3), 17–26. https://doi.org/10.54668/2789-6323-2021-102-3-17-26

Журналдың саны

Бөлім

ЭКОЛОГИЯ