ЕРТІС МАҢЫ ОРМАНДАРЫНЫҢ 2000...2025 ЖЖ. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ДИНАМИКАСЫН ГЕОКЕҢІСТІКТІК ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.54668/2789-6323-2026-122-2-125-136Кілт сөздер:
Ертіс маңы орманы, Абай облысы, геоақпараттық жүйе, жерді қашықтықтан зондтау, NDVI, Манн-Кендалл тест, реликті қарағай ормандарыАңдатпа
Мақалада «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының (МОТР) аумағында орналасқан Абай облысының реликті қарағай ормандарының өсімдік жамылғысының динамикасы қарастырылады. Ормандардың қазіргі жағдайы мен өзгерістерді анықтау үшін жерді қашықтықтан зондтау мен геоақпараттық жүйелер қолданылды. Орман экожүйелерінің вегетациялық жай-күйін бағалау үшін 2000 жылдан 2025 жылға дейінгі кезең мен 5 жылдық қадамдармен есептелген медианалық NDVI картасы құрастырылды. Jenks алгоритмі негізінде өсімдік жамылғысы деградацияланған аймақтардан (-0.187…0.291) бастап, өте сирек (0.291…0.373), орташа (0.373…0.448), орташадан жоғары (0.448…0.522), жоғары (0.522…0.614) және максималды (0.614…0.862) биоөнімділік аймақтарына дейінгі 6 санатқа жіктелді. Анықталған үдерістердің статистикалық маңыздылығы Манн-Кендалл тесті мен Сен талдауы арқылы тексеріліп, дәлелденді. Тест нәтижесінде ормандардың барлық бөлімшелері оң динамика көрсетіп (p < 0.05), ормандардың табиғи жаңару әлеуеті расталды. Алайда, 2023 жылы болған өрт салдары Жаңа Шүлбі бөлімшесінде өсімдік жамылғысының 24 %-ға (0.50…0.38 дейін) және Бородулихада 13 %-ға (0.61…0.53 дейін) төмендеуі экологиялық құлдыраудың орын алғанын көрсетеді. Өсім қарқыны мен тұрақтылық көрсеткіштері бойынша ең жоғары өсім – Бородулиха мен Бөкебайда, орташа өсім – Долон, Беген, Канонерка және баяу, тұрақты өсім – Жаңасемей мен Морозов бөлімшелерінде анықталды. Алынған нәтижелер аймақтағы аридтену үдерістері мен шекті температуралық ауытқулардың реликті қарағай ормандарының вегетациялық белсенділігіне тікелей әсерін айқындайды. Жүргізілген геокеңістіктік талдау нәтижелері Ертіс маңы ормандарының климаттың жаhандық жылыну жағдайындағы экологиялық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысы аймақтық экологиялық саясатты қалыптастыруда, соның ішінде орманды қорғау және климаттық өзгерістерге бейімделу стратегияларын әзірлеуде маңызды практикалық маңызға ие.
References
Данчева А. В., Залесов С. В. Районирование сосновых лесов Республики Казахстан // Леса России и хозяйство в них. - 2023. - № 1 (88). - С. 4–28.
Mazbayev O.B., Belgibaev M.E., Demeuov A.B. The Preservation of the Relict Irtysh Pine Forests // Journal of Ecology and Natural Resources, – 2020. – Vol. 4, Issue 3. – URL: https://doi.org/10.23880/jenr-16000196
Табиғат жылнама (2018–2022 жж.) / РММ «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты. – Семей, [2023]. – 51 б.
Данчева А.В., Залесов С.В. Экологический мониторинг лесных насаждений рекреационного назначения. - Екатеринбург: УГЛТУ, 2015. - 152 с.
Данчева А.В., Залесов С.В., Муканов Б.М. Влияние климатических факторов на радиальный прирост сосны в ленточных борах Прииртышья // Лесной вестник / Forestry Bulletin, - 2020. - Т. 24. - № 2. - С. 5–10.
Mapitov, N.B.; Belokopytova, L.V.; Zhirnova, D.F.; Abilova, S.B.; Ualiyeva, R.M.; Bitkeyeva, A.A.; Babushkina, E.A.; Vaganov, E.A. Factors Limiting Radial Growth of Conifers on Their Semiarid Borders across Kazakhstan. Biology – 2023.- Vol. 12. – Art. 604. https://doi.org/10.3390/biology12040604
Mann H.B. Nonparametric tests against trend [Электронный ресурс] // Econometrica. – 1945. – Vol. 13. – P. 245–259. – URL: https://doi.org/10.2307/1907187
Gribanov L. N. Steppe forests of the Altai Territory and Kazakhstan.- M.: Goslesbumizdat, 1960. - 156 p.
Грибанов Л. Н. Степные боры Казахстана и пути их восстановления // Труды Института леса АН КазССР. — Алма-Ата, 1957. — Т. 1. — С. 15–40.
Грибанов Л. Н. Типы ленточных боров Прииртышья // Лесное хозяйство. — 1965. — № 5. — С. 10–14.
Гвоздецкий Н. А., Николаев В. А. Казахстан: Очерк природы. — М.: Мысль, 1971. — 330 с.
Елькенова Б.З., Бейсенова Р.Р., Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В. Типы растительности и основные формации соснового бора Семипалатинского Прииртышья. Вестник Университета Шакарима. Серия: технические науки. - 2020; – № 4 (92). – С. 232–237.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы». // Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы. – 2022. – № 25–26. – 160-құжат.
Материалы государственного лесоустройства ГЛПР «Семей орманы» [Картографический материал] / РГКП «Казахское лесоустроительное предприятие». – Семей, 2024.
QGIS Development Team. QGIS Geographic Information System. Version 3.40.5-Bratislava [Электронный ресурс]. – QGIS Association, 2024. – Режим доступа: https://www.qgis.org.
Google Earth Engine Cloud Computing Platform [Software]. – Mountain View, CA : Google, 2024. – URL: https://earthengine.google.com.
MOD13Q1.061 Terra Vegetation Indices 16-Day Global 250m [Data set]. – NASA EOSDIS Land Processes Distributed Active Archive Center (LP DAAC), 2024. – DOI: 10.5067/MODIS/MOD13Q1.061. – URL: https://lpdaac.usgs.gov/products/mod13q1v061/.
Sen, P. K. Estimates of the regression coefficient based on Kendall's tau. Journal of the American Statistical Association, – 1968. – Vol. 63, № 324. – P. 1379–1389.
Учет лесного фонда РГУ ГЛПР «Семей орманы» по состоянию на 01.01.2024 г. в разрезе районов [Ведомственный материал]. – Семей : ГЛПР «Семей орманы», 2024.
Liu, Y., Tan, M. L., Yaseen, Z. M., & Zhang, F.. Spatiotemporal analysis of long-term vegetation dynamics using KNDVI and machine learning-based multifactor analysis. // Ecological Informatics. – 2026. – Vol. 93. – URL: https://doi.org/10.1016/j.ecoinf.2025.103559
Zhang, Z., Liang, S., & Xiong, Y. Vegetation Dynamics and Their Response to Climate Changes and Human Activities: A Case Study in the Hanjiang River Basin, China. // Forests. – 2023. – Vol. 14, № 3. – URL: https://doi.org/10.3390/f14030509
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Гульбаршын Азимбаева, Канат Самарханов, Аяжан Шыныбек, Марина Булатова

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.




