Авторларға арналған ережелер

САЙТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Барлық мақалалар қос соқыр шолудан өтеді (рецензент пен авторлар бір-бірінің фамилиясын білмейді).

Редакцияға жіберілетін ғылыми мақаланың көлемі суреттер мен кестелерді қосқанда 15...20 беттен аспауы және 5 беттен кем болмауы керек. Мақала мәтіні Microsoft Word бағдарламасында дайындалуы керек.

Қолжазба өрістері: жоғарғы және төменгі, сол жақ жиегі – 20 мм, оң жақ жиегі – 15 мм; жоларалық интервал – 1,2 мм көбейткіш; ені бойынша туралау; абзац шегінісі – 12,5 мм; өлшемі – 12 Times New Roman шрифті (стиль қалыпты) қолдану керек.

Мақаланың құрылымы келесі бөлімдерді қамтиды және «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа ресімдеу» ГОСТ 7.5-98-ге сәйкес рәсімделеді:  

Тақырып (Заголовок /Title): жеке жолдың сол жағында ӘОЖ индексін, оң жағында ҒТАМР кодын; авторлар туралы мәліметтерді (аты-жөнінің бастапқы әріптері мен тегі, мекеменің немесе ұйымның атауы, қаласы, мемлекеті, редакциямен хат алмасуға жауапты автордың электрондық поштасы), мақала тақырыбын қамтиды.

Аннотация (Аннотация/Abstract): «Реферат және аннотация . Жалпы талаптар» ГОСТ 7.9-95-ке сәйкес рәсімделеді. Аннотация ақпараттық (жалпы сөздерді қамтымауы керек); түпнұсқалы (ағылшын тіліндегі нұсқасы үшін жоғары сапалы ағылшын тілінде жазылған сөзбе-сөз аудармасы бар орыс тіліндегі аннотацияның калькасы болмауы керек); мазмұнды (мақаланың негізгі мазмұнын және зерттеу нәтижелерін көрсету); құрылымды (мақаладағы нәтижелерді сипаттау логикасын сақтау); ықшамды (100-ден 250 сөзге дейінгі көлемде) болуы керек.

Аннотация ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі;

Түйін сөздер (Ключевые слова/Keywords): мақалада пайдаланылған 3-тен кем емес және 10-нан аспайтын негізгі терминдер немесе қысқа сөз тіркестері.

Түйінді сөздер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

Мақала тіліндегі аннотация және түйін сөздер мақаланың негізгі мәтінінің алдында, басқа тілдегі аннотация мен түйін сөздер әдебиеттер тізімнен кейін орналасады.

Кіріспе (Введение /Introduction): зерттеудің өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін сипаттау; зерттеу объектісі мен нысанасын сипаттау; зерттеу қорытындыларына қысқаша шолу.

Материалдар мен әдістер (Материалы и методы/Materials and methods): зерттеуде қолданылған әдістер мен материалдардың сипаттамасы, соның ішінде деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістері.

Нәтижелер және оларды талқылау (Результаты и их обсуждение/Results and Discussion): алынған нәтижелерді сандармен, кестелермен, графиктермен, суреттермен сипаттау.

Қорытынды (Заключение /Conclusions): алынған нәтижелер бойынша қорытындыларды құрастыру және көрсету; алынған нәтижелерді осы тақырып бойынша бұрыннан бар нәтижелермен салыстыру; алынған нәтижелердің практикалық мәнін бағалау.

Алғыс (Благодарности /Acknowledgments): зерттеуді қаржыландыру көзі (гранттар, мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар) болған кезде ол туралы ақпарат көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі (Список литературы /References): анықтамалық библиографиялық тізім екі рет жасалады:

- «Әдебиеттер тізімі» - Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» ГОСТ 7.1-2003-ке сәйкес дереккөздердің түпнұсқа тілінде (қазақ, орыс және басқа ағылшын емес тілдерде) рәсімделеді. Кириллица алфавитін қолданатын тілдегі дереккөздерге сілтемелер латын әріптерімен транслитерациялануы керек;

Транслитерацияны https://antropophob.ru/utility-i-prochie-melochi/16-transliteratsiya-bsi сайтында жасауға болады. 

- ағылшын тілінде «References» (APA халықаралық библиографиялық стандартқа сәйкес ресімделеді (http://www.bibme.org/citation-guide/APA/book)).

Сілтемелер нөмірленуі керек. Авторлар курсивпен жазылады.

Мақала мәтініндегі сілтемелер автордың тегі мен жарияланған жылы көрсетілген жақшада беріледі. Егер авторлар үштен көп болса, онда бірінші автор көрсетіледі және орыс тіліндегі басылымдар үшін «и др.», қазақ тіліндегілерге «және т.б.» және ағылшын тіліндегілер үшін «et al.» деп жазылады. Мысалы, (Швецов Е.Г. и др., 2013), (Shvetsov E.G. et al., 2013) немесе (Швецов Е.Г., Ружичка З., Миронов В.О., 2013), (Shvetsov E.G., Ruzhichka Z., Mironov V.L., 2013).

Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.

Сведения об авторах (Авторлардың мәлеметтері/Information about authors) келесі элементтерді қамтиды: аты, әкесінің аты және тегі; ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі; лауазымы немесе кәсібі; жұмыс орны (мекеменің немесе ұйымның, елді мекеннің атауы); елдің атауы (шетелдік авторлар үшін); электрондық мекенжайы (e-mail).

Мақаланың бөлімдері бір-бірімен келісілуі керек, мақала мәтінінен зерттеу гипотезасы (зерттеу мәселесі), зерттеу әдістемесі мен әдістері, зерттеу нәтижелері және олардың зерттеу жүргізілген әлеуметтік білім саласының дамуына қосқан үлесі түсінікті болуы керек.

Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, жалпыға белгілі қысқартулардан басқа, мәтінде бірінші рет қолданылған кезде толық түрде көрсетілуі керек.

Мақалада мәтінге сілтеме жасалған формулалар ғана нөмірленеді.

Кестелерде, суреттерде, формулаларда таңбаларды, белгілерді белгілеуде сәйкессіздіктер болмауы керек. Суреттер анық, таза болуы керек. Мәтін ішінде суреттер мен кестелерге сілтемелер болуы керек.

Кестелер кесте өрісінің қосымша шекарасынсыз құрастырылады, тек «тақырып» және кестенің сыртқы контуры белгіленеді. Кестенің нөмірі мен атауы кестенің үстінде, ескерту- оның астында.

Физикалық шамалардың бірліктері халықаралық СИ жүйесінде (ГОСТ 8.417-81) келтіріледі немесе СИ жүйесінде келтірілген бірліктердің аудармасы қатар беріледі.

Ұйымдардың, мекемелердің атаулары, жер атаулары және т.б. соңғы ресми редакцияда беріледі. Тарихи атаулардың қазіргі заманғы атаулары жақша ішінде беріледі.

Суреттер жақсы ажыратымдылықпен TIF форматта.жасалуы керек (кем дегенде 300 dpi), Векторлық сызбалар да олар жасалған (мысалы, Microsoft Excel) бағдарлама форматында ұсынылуы керек.

Суреттер түрлі-түсті және ақ-қара болуы мүмкін.

Сурет тақырыбы Times New Roman 11 курсив шрифтімен, бір интервалмен жазылады.

Сурет нөмірі қалың шрифтпен ерекшеленеді. Сурет тақырыбынан кейінгі жолға ескертулер жазылады. Суреттің өрісінде белгілердің индекстерінен немесе сандарынан басқа жазуларға жол берілмейді. Суреттегі сандар мен әріптердің мөлшері мәтінмен бірдей, индекстер 1,5 мм-ден кем емес.

Егер сурет басқа дереккөздерден алынған болса, онда дереккөзге сілтеме қажет.

Сандардың арасына дефис/сызықша емес, үш нүкте қойылады. Мысалы: 1961...2022, 15...20 м.

Санның бүтін бөлігі бөлшек үтірден бөлінеді.

Шамалардың өлшемділігі, оның ішінде «жж», м, °C және т.б. сандардан бос орынмен бөлінеді.

Назар аударыңыз! Ережелер бұзылып ресімделген немесе грамматикалық және орфографиялық қателері көп, ағылшын тіліне автоматты аудармасы бар мақалалар редакцияға  қабылданбайды және авторларға мәні бойынша қаралмай қайтарылады.

Редакция қажет болған жағдайда авторлардан қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.

Бастапқы шолудың нәтижелеріне қарамастан, өрескел қателер, өзге тілден келген сөздердің көптігі  немесе қате дәйексөздер анықталған кезде мақала қабылданбауы немесе жұмыстың кез келген кезеңінде қайта қарауға қайтарылуы мүмкін.