МАҚАТ АУДАНЫНДАҒЫ ВЕГЕТАЦИЯНЫҢ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ ЖАЙЫ: ТЕХНОГЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ФОН (2000–2024 жж.)
DOI:
https://doi.org/10.54668/2789-6323-2026-121-1-163-175Кілт сөздер:
NDVI, техногендік ластану, климаттық факторлар, өсімдік жамылғысы, уақыттық динамика, Мақат ауданыАңдатпа
Зерттеудің мақсаты — Мақат ауданында техногендік қысым жағдайында өсімдік жамылғысының кеңістіктік-уақыттық динамикасын сандық бағалау. 2000, 2010, 2015, 2021 және 2024 жылдардың маусым айына сәйкес келетін жерсеріктік кескіндер негізінде NDVI есептеліп, нәтижелер «Қазгидромет» РМК мәліметтеріндегі маусым айының орташа температурасы мен жауын-шашын мөлшерімен салыстырылды.
Маусым айы бойынша аудандық орташа NDVI 2000 ж. шамамен 0,14 болса, 2010–2021 жж. ≈0,10–0,09 деңгейіне дейін төмендеп, 2024 ж. ≈0,21 қайта өсті. Кеңістіктік талдау өндірістік алаңдар, құбыр желілері мен ілеспе инфрақұрылым маңында тұрақты төмен NDVI дақтарының сақталатынын көрсетті. Бұл учаскелерде төмен (C1–C2) және орташа кластардың үлесі жоғары, ал жоғары вегетациялық класс (C5) үлесі қысқарған кезеңдерде (2010–2021 жж.) ең аз мәндерге дейін төмендеді; 2024 ж. қайта өскенімен, негізгі өндірістік белдеулерде салыстырмалы түрде төмен күйде қалды. NDVI сәуір-маусым айындағы жиынтық жауын-шашынмен оң, ал ауа температурасының жоғарылауымен теріс байланыс көрсетеді; демек, шөлейт жағдайда су тапшылығы жылдар бойынша өзгергіштікті айқындайды, ал техногендік жүктеме (шаң-газ шығарындылары, мұнай өнімдері мен тұзды сулардан ластану, топырақтың тұздануы, құрылымының бұзылуы, факелдік жану) нақты учаскелерде өсімдік жамылғысының жергілікті әлсіреуін күшейтеді. Бұл нәтижелер климаттық фоннан тәуелсіз түрде техногендік ықпал аймақтарында NDVI-дің тұрақты төмендеу трендін көрсетеді және табиғи кешендердің осал учаскелерін айқындауға мүмкіндік береді.
Нәтижелер климаттық факторлар мен техногендік жүктеменің бірлескен ықпалын айқындап, маусым айына стандартталған NDVI өңір геожүйелерінің күйін мониторингтеудің қолданбалы құралы екенін дәлелдейді.
References
Жамалова А.Ж. Мұнай-газ өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері // ҚР ҰҒА Хабарлары. Сер. геология және техникалық ғылым-дар. – 2018. – №6. – 45–52.
Сапаров А.С., Ерғалиев Ш. Экологиялық мониторингтің әдістері. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 210 б.
Базарбаева С.Т. Батыс Қазақстандағы антропогендік ландшафттардың өзгеру ерекшеліктері // ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы. – 2020. – №2(53). – 33–41.
Tucker C.J. Red and photographic infrared linear combinations for monitoring vegetation // Remote Sensing of Environment. – 1979. – 8(2). – 127–150.
Pettorelli N. The Normalized Difference Vegetation Index (NDVI): Unlikely to go out of fashion // International Journal of Remote Sensing. – 2013. – 34(9–10). – 3273–3294.
Dai A. Increasing drought under global warming in observations and models // Nature Climate Change. – 2013. – 3. – 52–58.
Li J. et al. Synergistic effects of climate variability and human activities on vegetation dynamics in arid Central Asia // Sci. Total Environ. – 2020. – 698. – 134203.
Джаналиева Г.М. Климаттық өзгерістердің аймақтық экожүйеге әсері // География және табиғатты пайдалану. – 2020. – №4. – 45–52.
Pettorelli N., Vik J.O., Mysterud A., Gaillard J.M., Tucker C.J., Stenseth N.C. Using the satellite-derived NDVI to assess ecological responses to environmental change // Trends Ecol. Evol. – 2005. – 20. – 503–510.
Қазгидромет. Атырау облысының климаттық ерекшеліктері жөніндегі көпжылдық деректер жинағы. – Атырау: РМК «Қазгид-ромет», 2023.
Құлманова Ж.Ж., Махамбетов М.М. Атырау облысының мұнай-газ өнеркәсібінің қалыптасу тарихы. – Атырау: КИМУ баспа-сы, 2018. – 145 б.
«Ембімұнайгаз» АҚ. Жылдық есептер (2010–2023). – Атырау, 2023.
Құрманғалиева А. Мұнай-газ құбырларының экожүйеге әсері // ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы. – 2019. – №1. – 61–66.
USGS. EarthExplorer: Landsat/EO деректеріне қолжеткізу платформасы. United States Geological Survey, 2024.
Copernicus Programme / ESA. Copernicus Open Access Hub / Copernicus Data Space Ecosystem: Sentinel деректер мұрағаты. 2024.
ESA. Sen2Cor User Guide. European Space Agency, 2023.
USGS. Landsat Surface Reflectance Code (LaSRC) Product Guide. U.S. Geological Survey, 2023.
USGS. Landsat 8 (OLI/TIRS) Overview. U.S. Geological Survey, 2024.
Didan K. MODIS Vegetation Indices (MOD13) User Guide (Collection 6). NASA/University of Arizona, 2015.
Piao S., et al. Changes in vegetation activity and their driving factors in China // Global Change Biology. – 2015. – 21. – 1601–1609.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Сактагуль Кузбулова, Нургуль Рамазанова

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.




