ТҰЗДЫ КӨЛДЕР МАҢЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ТҰЗДАНУ ДЕҢГЕЙІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ (ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54668/2789-6323-2026-121-1-86-99

Кілт сөздер:

тұзданған топырақтар,, электр өткізгіштік, аниондық құрам,, Cl⁻:SO₄²⁻ қатынасы, сульфатты-хлоридті тұздану,, солончактар,, Керуенкөл, Сор,, Шошқалы

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазақстанның Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан Керуенкөл, Сор және Шошқалы көлдері маңындағы топырақтардың тұздану деңгейін және олардың физика-химиялық қасиеттерін салыстырмалы түрде бағалауға арналған. Зерттеу барысында топырақтың реакциясы (pH), электр өткізгіштігі (EC), негізгі суға еритін катиондар мен аниондардың (Na⁺, K⁺, Cl⁻, SO₄²⁻) концентрациялары анықталды, сондай-ақ аниондық құрам негізінде топырақтың тұздану типі жіктелді. Зерттеу нәтижелері бойынша барлық үш учаскеде топырақтар сілтілі реакциямен сипатталды (pH = 8,0–8,8). Электр өткізгіштік мәндері 7,5–13,2 дС/м аралығында өзгеріп, топырақтардың орташа және күшті тұзданған санаттарға жататынын көрсетті. Натрий, хлорид және сульфат иондарының жоғары концентрациялары анықталды: Na⁺ – 1750–3600 мг/кг, Cl⁻ – 1300–2700 мг/кг, SO₄²⁻ – 600–1200 мг/кг. Топырақтың аниондық құрамын Н.И. Базилевич пен Е.И. Панковая ұсынған жіктеу әдісі бойынша талдау Cl⁻:SO₄²⁻ қатынасының 2,17–2,47 аралығында екенін көрсетті, бұл барлық зерттелген учаскелердің сульфатты-хлоридті тұздану типіне жататынын дәлелдейді. Шошқалы учаскесіндегі көрсеткіштің салыстырмалы түрде төмен болуы оның хлоридті типке жақын өтпелі сипатқа ие екенін көрсетеді. Алынған нәтижелер зерттелген аумақтардың табиғи солончактық ландшафттарға тән жоғары тұздану деңгейімен, сілтілі реакциямен және улы тұздардың басым болуымен ерекшеленетінін көрсетеді. Бұл деректер Қазақстанның тұзданған жерлерін бағалау, топырақ деградациясын болжау және жер ресурстарын тиімді басқару үшін маңызды ғылыми негіз болып табылады.

Author Biography

Асанәлі Қабдулмәжитұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

Phd докторант

References

Rengasamy P. World salinization with emphasis on Australia // Journal of Experimental Botany. – 2006. – Vol. 57(5). – P. 1017–1023.

FAO. Global Map of Salt-Affected Soils. FAO Soils Bulletin. – Rome, 2020.

ISO 10390:2005. Soil quality — Determination of pH. – Geneva: International Organization for Standardization, 2005.

Richards L.A. Diagnosis and Improvement of Saline and Alkali Soils. USDA Handbook No. 60. – Washington, 1954.

Szabolcs I. Salt-Affected Soils. – Boca Raton: CRC Press, 1989. – 274 p.

Abrol I.P., Yadav J.S.P., Massoud F.I. Salt-affected soils and their management. FAO Soils Bulletin №39. – Rome, 1988.

Hillel D. Salinity Management for Sustainable Irrigation. – World Bank, 2000. – 92 p.

Jackson M.L. Soil Chemical Analysis. – Prentice Hall, 1973. – 498 p.

ГОСТ 28168–89. Почвы. Отбор проб. – Москва: Стандартинформ, 1989.

ISO 9297:1989. Water quality — Determination of chloride — Silver nitrate titration method. – Geneva, 1989.

Базилевич Н.И., Панковая Е.И. Солончаковые почвы и их классификация. – Москва: Наука, 1986. – 240 с.

Арыстанбеков Т.А. Вторичное засоление почв Казахстана. – Алматы: КазНАУ, 2019. – 164 с

Munns R., Tester M. Mechanisms of salinity tolerance // Annual Review of Plant Biology. – 2008. – Vol. 59. – P. 651–681.

ISO 11048:1995. Soil quality — Determination of sulfate. – Geneva, 1995

Suleimenov M., Bulgakov N. Soil degradation trends in Northern Kazakhstan // Environmental Monitoring and Assessment. – 2020. – Vol. 192. – P. 655.

Gorji T., Sertsu S., Shukla S. Soil salinity and degradation indicators in arid lands // Catena. – 2017. – Vol. 150. – P. 181–193.

FAO. Guidelines for Soil Profile Description. – 3rd ed. – Rome, 1985.

Gupta R.K., Abrol I.P. Salt-affected soils: their reclamation and management. – ICAR Publication, 2000.

Gupta S., Sharma P. Soil salinity processes and environmental impacts // Environmental Earth Sciences. – 2014. – Vol. 72. – P. 2569–2582.

Qadir M., et al. Salt-affected soils and their management // CAB Reviews. – 2014. – Vol. 9. – P. 1–14.

Tanji K.K. Agricultural Salinity Assessment and Management. – ASCE Manuals, 1990. – 619 p

Bray R.H., Kurtz L.T. Mineral ion behavior in saline soils // Soil Science. – 1945. – Vol. 59. – P. 39–45.

Chowdhury A., Takemura Y. Geochemical behavior of salts in evaporative soils // Geoderma. – 2018. – Vol. 314. – P. 10–20.

Thomas G.W. Soil pH and Soluble Salts // In Methods of Soil Analysis, Part 3. – ASA, 1996. – P. 475–490.

Bloom P.R., Skyberg J. Climate-induced soil salinization patterns // Soil Systems. – 2019. – Vol. 3(2). – Article 29.

Wang L., Yang P. Hydrogeochemical evolution in salt-affected arid soils // Journal of Arid Environments. – 2021. – Vol. 190. – 104123.

Downloads

Жарияланды

2026-04-01

How to Cite

Қабдулмәжитұлы, А., Мурзалимова, А., Рахымжан, Ж., Тазитдинова, Р., & Рысмагамбетова, А. (2026). ТҰЗДЫ КӨЛДЕР МАҢЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ТҰЗДАНУ ДЕҢГЕЙІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ (ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА) . Гидрометеорология және экология, (1), 86–99. https://doi.org/10.54668/2789-6323-2026-121-1-86-99

Журналдың саны

Бөлім

ЭКОЛОГИЯ