Авторларға арналған ережелер
САЙТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Барлық мақалалар қос соқыр шолудан өтеді (рецензент пен авторлар бір-бірінің фамилиясын білмейді).
Редакцияға жіберілетін ғылыми мақаланың көлемі суреттер мен кестелерді қосқанда 15...20 беттен аспауы және 5 беттен кем болмауы керек. Мақала мәтіні Microsoft Word бағдарламасында дайындалуы керек.
Мақаланың құрылымы келесі бөлімдерді қамтиды және «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа ресімдеу» ГОСТ 7.5-98-ге сәйкес рәсімделеді:
Код УДК (сілтеме https://teacode.com/online/udc/).
Код МРНТИ (сілтеме https://grnti.ru/).
ТАҚЫРЫП (ЗАГОЛОВОК /TITLE).
– Автор (авторлар) туралы мәлімет – аты-жөнінің бастапқы әріптері мен тегі, ғылыми дәрежесі (бар болса), жұмыс орыны, қаласы, мемлекеті.
Корреспондент-автордың аты-жөні жұлдызшамен (*) белгіленіп, email көрсетіледі.
АННОТАЦИЯ (АННОТАЦИЯ/ABSTRACT) (100-ден 250 сөзге дейін). Аннотация ақпараттық (жалпы сөздерді қамтымауы керек); түпнұсқалы (ағылшын тіліндегі нұсқасы үшін жоғары сапалы ағылшын тілінде жазылған сөзбе-сөз аудармасы бар орыс тіліндегі аннотацияның калькасы болмауы керек); мазмұнды (мақаланың негізгі мазмұнын және зерттеу нәтижелерін көрсету); құрылымды (мақаладағы нәтижелерді сипаттау логикасын сақтау).
ТҮЙІН СӨЗДЕР (КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА/KEY WORDS) – мақалада пайдаланылған 3-тен кем емес және 10-нан аспайтын негізгі терминдер немесе қысқа сөз тіркестері.
Мақалаларды орыс тілінде жіберген жағдайда келесі тармақтардың қазақ және ағылшын тілдеріне аудармасын қосу қажет:
1) мақаланың атауы;
2) автордың(авторлардың) аты-жөні мен тегі;
3) мекенжайды қоса алғанда, автордың(авторлардың) аффилиациясы;
4) мақаланың аннотациясы;
5) түйінді сөздер;
Мақала тіліндегі аннотация және түйін сөздер мақаланың негізгі мәтінінің алдында, басқа тілдегі аннотация мен түйін сөздер әдебиеттер тізімнен кейін орналасады.
КІРІСПЕ (ВВЕДЕНИЕ/INTRODUCTION): зерттеудің өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін сипаттау; зерттеу объектісі мен нысанасын сипаттау; зерттеу қорытындыларына қысқаша шолу.
МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕР (МАТЕРИАЛЫ И МЕТОДЫ/MATERIALS AND METHODS): зерттеуде қолданылған әдістер мен материалдардың сипаттамасы, соның ішінде деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістері.
НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ (РЕЗУЛЬТАТЫ И ОБСУЖДЕНИЕ/RESULTS AND DISCUSSION): алынған нәтижелерді сандармен, кестелермен, графиктермен, суреттермен сипаттау.
ҚОРЫТЫНДЫ (ЗАКЛЮЧЕНИЕ/CONCLUSIONS): алынған нәтижелер бойынша қорытындыларды құрастыру және көрсету; алынған нәтижелерді осы тақырып бойынша бұрыннан бар нәтижелермен салыстыру; алынған нәтижелердің практикалық мәнін бағалау.
ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ: пайдаланылған деректердің қолжетімділігі туралы ақпарат көрсетіледі.
АВТОРЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ: әр автордың нақты үлесі туралы толық ақпарат берілуі керек. Барлық авторларды олардың инициалдарымен тізімдеңіз.
Мысал: Тұжырымдамалау – А1; деректерлі басқару – А2; ресми анализ – А1 и А2; методология – А1; бағдармалық қамтамасыз ету – А2; нұскаулық – А1; визуализация – А2; бастапқы мақаланы жазу – А1 и А2; мақаланы жазу және редакциялау – А2.
АЛҒЫС (БЛАГОДАРНОСТЬ/ACKNOWLEDGMENT): Қажет болған кезде ақпарат көрсетіледі.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ФИНАНСИРОВАНИЕ/ FUNDING): зерттеуді қаржыландыру көзі (гранттар, мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар) болған кезде ол туралы ақпарат көрсетіледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ (СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ/REFERENCES) Мақала соңындағы библиографиялық тізім кемінде 20 әдебиет атауынан тұруы тиіс, олардың кемінде 1/3 бөлігі соңғы 10 жылда жарияланған болуы қажет. Сонымен қатар, әдебиеттер тізімінің 50%-ы ағылшын тіліндегі мақалалардан тұруы тиіс.
Егер әдебиеттер тізімінде кириллицамен ұсынылған деректер болса, онда әдебиеттерді екі нұсқада ұсыну қажет:
«ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» / «СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ» - дереккөздердің түпнұсқа тілінде (қазақ, орыс және басқа да ағылшын тілі емес тілдерде) ұсынылады және ГОСТ 7.1–2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» стандартына сәйкес рәсімделеді.
«REFERENCES» - әдебиеттердің романизацияланған (транслитерацияланған) тізімі. Кирилл әліпбиін қолданатын тілдердегі дереккөздерге сілтемелер латын әріптерімен транслитерациялануы тиіс.
Транслитерацияны келесі сайттар арқылы жасауға болады: https://antropophob.ru/utility-i-prochie-melochi/16-transliteratsiya-bsi, http://translit-online.ru (орыс тілінен латын әріптеріне аудару); https://qazlat.kz/ru/ (қазақ тілінен латын әріптеріне аудару).
Романизацияланған әдебиеттер тізімі келесі түрде рәсімделуі тиіс: Автор(лар) (транслитерация – http://www.translit.ru) → (жылы дөңгелек жақшада) → мақаланың транслитерацияланған атауы [мақала атауының ағылшын тіліне аудармасы – тік жақшада], орыс тіліндегі басылым атауы (транслитерацияланған түрде немесе егер бар болса, ағылшынша атауы), жарияланған мәліметтері ағылшын тілінде жазылады.
Мысал: Romanova, S., Elena, K., Serikova, A. (2024). Sostoyanie karbonatno-kaltsievogo ravnovesiya Kazakhstanskoi chasti basseina reki Ertis [The state of the carbonate-calcium equilibrium of the Kazakh part of the Ertis river basin]. Gidrometeorologiya i ekologiya, vol. 114, no 3, pp. 71–86 [in Russian].
Ағылшын тілінен басқа тілдерде жарияланған мақалалар үшін – транслитерация мен аударма беріледі, ал сілтеменің соңында тік жақшада мақала қай тілде жазылғаны көрсетіледі ([in Russian], [in Kazakh]).
«REFERENCES» – ағылшын тілінде (APA халықаралық библиографиялық стандартына сәйкес рәсімделеді (https://apastyle.apa.org/style-grammar-guidelines/references/examples/published-dissertation-references).
Әдебиеттер тізімі мәтінде аталу ретіне сәйкес беріледі.
Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада жазылады – [].
Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.




